
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын! Бұл күн-Сіздердің еңбектеріңізді терең құрметтеудің, ризашылықтың және мойындаудың белгісі. Сіздердің өмірлік жолдарыңыз, адал еңбектеріңіз, даналықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз — барлық ұрпақ үшін үлгі. Сіздердің арқаларыңызда біз уақыттың, дәстүрдің және рухани құндылықтардың байланысын сақтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, рухани жылулық тілеймін, әр күндеріңіз жақындарыңыздың ыстық ықыласымен, мейірімімен және қамқорлығымен толсын!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.