Азық-түлік қауіпсіздігі

Азық-түлік қауіпсіздігі

Өңірдің азық – түлік қауіпсіздігі, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жолымен жүйелі және жедел шаралар жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

Жедел шаралар ретінде ӘМАТ тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне «айналым схемасы» бойынша қарыздар ұсыну тетіктері пайдаланылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының 19 түрінің 14-і облыстың жергілікті шаруашылық құрылымдарымен өндіріледі.

6 түрі бойынша – облысымыз өзін-өзі қамтамасыз ету көрсеткіші 100% және одан жоғары(1-сұрыпты бидай ұны, 1-сұрыпты ұннан жасалған нан, картоп, сиыр еті, макарон өнімдері, жұмыртқа).

8 түрі бойынша қамтамасыз ету көрсеткіші 5,9 – 78% аралығын(айран – 19,6%, сүзбе – 5,9%, пастерленген сүт – 18,2%, сары май – 8,7%, қырыққабат - 35,7%, пияз – 16,8%, құс еті-52,1%, сәбіз-78,1%) құрайды.

Облыста өндірілмейтін өнімнің 5 түрі (қарақұмық, күріш, қант, өсімдік майы, тұз)жәнеаталған 8 түрі бойынша қажеттілік, басқа өңірлерден әкелінетін өнім есебінен қамтылады.

Интервенция жүргізу үшін ӘКК қоймаларында 632 тонна бакалея өнімі, оның ішінде 67 тонна күріш, 46 тонна қарақұмық жармасы, 121 мың литр күнбағыс майы, 311 тонна қантжәне 87 тоннсақталуда.

Жыл басынан бері 26 тонна қарақұмық, 50,0 мың литр күнбағыс майы, 68 тонна күріш, 464 тонна картоп және 74 тонна қант сатылды.

Маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін өткен жылғы күзде 5 251 тонна жеміс-көкөніс өнімдеріне форвардтық шарттар мен қарыз шарттары жасалды, оның ішінде 3 172 тонна картоп, 699 тонна сәбіз, 699 тонна қырыққабат және 681 тонна пияз.

Жергілікті өндірушілермен ("Агрофирма Азамат" ЖШС, "Шахтерское" ЖШС) 2100 тонна картоп, 500 тонна сәбіз, қырыққабат және пиязға форвардтық шарттар жасалды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне маусымаралық кезеңде 1072 тонна картоп, 199 тонна сәбіз, 198 тонна қырыққабат және 181 тонна пияз жеткізуге қарыздар берілді.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорының брондаудан кейінгі жеміс-көкөніс өнімдерінің қалдығы (форвардтық шарттар және айналым схемасы)1 205 тоннаны құрайды, оның ішінде картоп – 1133 тонна, сәбіз – 26 тонна, пияз – 9 тонна және қырыққабат – 37 тонна. 

Ағымдағы жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде бағаны тұрақтандыру үшін 110 тонна картоп, 100 тонна сәбіз, 160 тонна қырыққабат және 160 тонна пияз сатып алу бойынша шарттар жасалды. ("АФ Азамат" ЖШС, "Дарас ЛТД" ЖШС және Түркістан облысының өндірушісі – "Өнеге-Дос").

Картопты сатып алу бағасы – 225 тг/кг, қырыққабат – 160-165 тг/кг, сәбіз – 150 тг/кг және пияз – 150-155 тг/кг.

Сондай-ақ, алдағы 2026 жылдыңмаусымаралық кезеңіне дайындық аясында 2000 тонна картоп, 350 тонна сәбіз, қырыққабат және ағымдағы жылдың күзгі егін жинау пиязына келісімшарт жасалды. ("АФ Азамат" ЖШС, "Дарас ЛТД" ЖШС және "Астро-Агро LTD"ЖШС).

Картопты сатып алу бағасы - 120 тг/кг, қырыққабат, сәбіз және пияз – 100 тг/кг.

1-сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының бағасына қатысты.

Сауда желісінде айналым схемасы бойынша жеткізілетін "Қарағанды-Нан" ЖШСөндірген1-сұрыпты ұннан жасалған нанныңбөлкесі 135 теңгеден сатылуда.

Сондай – ақ, айналым схемасы бойынша сауда нүктелерінде макаронөнімдері(сату бағасы – 245 тг/кг, бұрын -230 теңге/кг ұзартылғанға дейін)килограмы 270 теңгеден, 1 сұрыпты бидай ұны - 154 теңгеден(сату бағасы-140 теңге/кг, ұзартылғанға дейін) сатылады

Өнімдер Қарағанды қаласының 90 сауда нүктесінде (Қарағанды қаласының супермаркеттер желісінде - Норма, Аян, Южный, себет, Юма, Оптима, Фудмарт (75 дүкен), Уран, өнімдер, Теремок (3 дүкен) дүкендерінде, 20 әлеуметтік павильондарда және "Қарағанды-Нан Трейд" ЖШС 12 мамандандырылған дүкендерінде) сатылады.

Жасалған Меморандумдарға сәйкес, облыстың ұн тарту кәсіпорындары облыс өңірлеріне нан сату және пісіру үшін өтінімдер бойынша 1-сұрыпты ұнды 140 теңге/кг төмендетілген белгіленген бағамен жөнелтуді жалғастыруда.

Ұн тартқыштармен ұн жеткізу туралы меморандумдар жасалды: "ЭТАЛОН ЛТД" ЖШС, "BEST MILL" ЖШС, "Сұңқар и К" ЖШС, "TZK-Agro"ЖШС.

Азық-түлік корпорациясымен үшжақты меморандум аясында "Сарыарқа Нан Қарағанды" ЖШС -нің наны 5 сауда нүктесінде 95 теңгеден сатылады.

Айналым схемасы бойынша сауда желісіне, жергілікті құс фабрикаларыменондығы 435 теңгеден жеткізілген 1-санатты жұмыртқа, бөлшек саудада 455 теңгеден сатылуда.

Меморандум шеңберінде 2024 жылғы қазаннан бастап (2025 жылғы 30 сәуірге дейін) "Үштөбе Құс" ЖШС жұмыртқаларын қағаз науаларда 470 тг/дес сату бағасы бойынша, бөлшек саудада - 490 теңге/ондық жеткізу жалғасуда.

Тауық етінің бағасын тұрақтандыру үшін меморандум бойынша "Ақнар ПФ" ЖШС-нің өнімі 1080 теңгеден жеткізіліп, сауда нүктелерінде 10% сауда үстемесімен 1 188 теңгеден аспайтын бағамен сатылады.

Облыс өңірлерінде және облыс орталығында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, өнімдері төмендетілген бағамен сатылуда.

Жыл басынан бері облыс өңірлерінде 201 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 2018 млн. теңге сомасына  3218 тонна өнім сатылды.

Жүйелі шара шеңберінде басым дақылдардың егіс алқаптарын, мал басын ұлғайту, жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту жолымен ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өсімдік шаруашылығындағы өнім өндіру көлемінің өсуіне ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру, сондай-ақ жер қорын және жаңа жерлерді айналымға енгізу арқылы суармалы жер көлемін ұлғайту есебінен қол жеткізілетін болады.

Мал шаруашылығында жалпы өнім өндіру көлемінің өсуі (209,5 млрд. теңге) ІҚМ басының 2,0% - ға (440,3 мың басқа дейін), қой мен ешкінің - 3%-ға (706,2 мың басқа дейін), жылқының-3,8% - ға (384,1 мың басқа дейін),шошқаның -1,0% - ға (70,1 мың басқа дейін)және құстар - 3% - ға (3 543,6 мың басқа дейін) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етіледі.

Жыл соңына қарай ет өндіру көлемі - 2,2% - ға(102,6 мың тоннаға дейін), сүт - 3,3% - ға (218,0 мың тоннаға дейін),жұмыртқа - 3,5% - ға (646,9 млн.данаға дейін)өседі деп күтілуде.

Қайта өңдеу саласында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңа өндірістер құру жолымен өндіріс көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды іске асыруға баса назар аударылды.

Жыл соңына қарайазық-түлік өндірісі көлемінің 168,7 млрд.теңгеге дейін немесе 1,7 млрд. теңгеге (1,0%) өсуі күтілуде. (2024 жылы 167 млрд. теңге).

Жыл соңына дейін 308 жұмыс орнын құра отырып, 36,4 млрд. теңге сомасына 24 инвестициялық жобаны енгізу жоспарлануда, оның ішінде:

- мал шаруашылығында-152 жұмыс орнын құрумен 10,5 млрд.теңге сомасына 6 жоба.

- өсімдік шаруашылығында-19,9 млрд.теңге сомасына 11 жоба, 55 жұмыс орнын құрумен.

- қайта өңдеу саласында-101 жұмыс орнын құрумен 6,0 млрд. теңге сомасына 7 жоба.