Жауап: «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде қала тұрғындарынан жоба ұсыныстары жыл сайын 20 қаңтар мен 1 наурыз аралығында қабылданады.
Жобаларды қабылдау Саран қаласы әкімі аппаратының saran.gov.kz. ресми интернет-ресурсында жүргізіледі.
Аппарат парақшасының «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде:
* өтінімді толтыру (жоба ұсынысының атауы, оның сипаттамасы, мекен-жайы/орналасқан жері);
* егер жоба ұсынысының болжамды фото суреті/эскизі/сызбасы және сметасы болса (интернеттен немесе кез келген басқа ашық көздерден болжамды эскиздер немесе есептеулер рұқсат етіледі) бекіту қажет.
Болжамды соманы/эскизді/сызбаны көрсетілген, жақсылап, егжей-тегжейлі дайындалған жоба ұсыныстары тұрғындардың қызығушылығын арттырады.2. «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде іске асыру үшін жоба ұсынысы қандай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс?
Жауап: Тұрғындар:
* аумақты көгалдандыру;
* тротуарларды жайластыру;
* тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;
* қоғамдық пайдалану орындарын (парктер, саябақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер) салу, жөндеу және жарықтандыру;
* жиектерді, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;
*полигондарды жою;
* балалар ойындарына және жалпы пайдалану орындарында ересек тұрғындардың демалуына арналған беседканы, орындықты, урнаны, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;
* аула аумақтарында және ортақ пайдаланылатын орындарында спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
* санитарлық тазалықты қамтамасыз ету идеяларын ұсына алады.
Критерийлер:
* нысан қол жетімді, жалпыға бірдей пайдаланылатын болуы керек;
* объектінің орналасқан жері оны іске асыру жоспарланған қаланың аумағында, ортақ пайдаланылатын учаскеде болуы тиіс;
* әкімдіктің құзыреті шегінде болуы міндетті;
* ұсыныс қала тұрғындары үшін өзекті болуы тиіс.