
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде қала әкімінің м.а. Т. Айдархановтың төрағалығымен Приозерск қаласының салық салу базасын кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыста бюджеттің кіріс бөлігінің өсуін қамтамасыз ету, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту және салық салу базасының резервтерін анықтау, оны кеңейту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары қарастырылды. Отырыстың қорытындысы бойынша мекеме басшыларына Приозерск қаласының мекмлекеттік кіріс басқармасына уақытылы бекітілген тәртіппен уақытылы ақпараттар жолдап отыруды тапсырды.
Мемлекеттің қуатты болуында салықтың шешуші рөл атқаратыны белгілі. Қай елде салықтың түрлерін жинау ұтымды, ұтқыр ұйымдастырылса, сол елдің қазынасы толып, әлеуметтік мәселелерді шешуге қауқарлы болады. Салық есептілігін ашық әрі жариялы жүргізу мәдениетін қалыптастыру және қаланың кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында аталған жұмыс тобының отырысы тұрақты түрде өтетін болады.