«Қала бюджетінің салық салу базасын кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» аясында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары.

«Қала бюджетінің салық салу базасын кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» аясында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Т.А. Айдархановтың басшылығымен қала прокуратурасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық мәслихат төрағасы, Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының Приозерск қалалық филиалы, Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі, Экономика және қаржы бөлімі, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері өкілдерінің қатысуымен «Қала бюджетінің салық салу базасын кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» аясында профилактикалық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара «Чек талап ету» акциясы шеңберінде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібін сақтауын бақылау, бақылау-кассалық машиналарды қолдану деңгейін арттыру, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың алдын алу және қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту болып табылады. Сонымен қатар, қаладағы «Жұлдыз», «Градус», «Ислам», «Донер от Артура» бизнес нысандарында қала тұрғындарының чек талап етуінің маңыздылығы, қолма-қол ақшасыз төлем жасау тәртібі және салық заңнамасын сақтау қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қорытындылай келе, қала тұрғындарын сауда орындарында міндетті түрде чек талап етуге шақырамыз. Чек талап ету – сіздің құқықтарыңызды қорғаудың бірден-бір кепілі ғана емес, сонымен қатар көлеңкелі экономиканың алдын алуға және қала бюджетінің кіріс бөлігін арттыруға қосқан үлесіңіз. Қала бюджетінің толығуы – барлығымыздың ортақ мүддеміз. Осы орайда, салық мәдениетін бірге қалыптастырып, адал әрі ашық экономиканы дамытуға атсалысуға шақырамыз.