
Бүгін бюджеттік заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты бюджеттік бағдарламалар паспортын әзірлеу қағидаларын түсіндіру мақсатында ББӘ -мен арнайы түсіндіру жұмысы өткізілді.
Іс-шара барысында бюджет заңнамасына енгізілген өзгерістердің мазмұны, бюджеттік бағдарламалар паспортын қалыптастыру тәртібі, нәтижелік көрсеткіштерді нақтылау және құжаттарды рәсімдеу талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы кезеңде құжаттарды дұрыс және сапалы әзірлеу бойынша әдістемелік бағыт-бағдар ұсынылды.
Аталған түсіндіру жұмысы бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыруға және қолданыстағы талаптардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.