
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Приозерск қаласының Экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Убисов Талғат Турмаханович №1 жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында Талғат Турмаханович «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын мемлекеттік мекеме екендігін бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамалық актілеріне, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асыратын, қала экономикасының тұрақты дамуын, қаржылық тәртіп пен бюджеттік теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік мекеме екендігін түсіндіріп өтті. Кездесу соңында оқушылар Талғат Турмахановичке болашақта мамандық таңдау бойынша кеңес бергені және өз тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс айтты. Приозерск қаласында осындай кездесулерді жалғастыру жастардың заң мен тәртіпке деген құрметін қалыптастыруға, қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға, болашақта еліне адал қызмет ететін білікті мамандардың көбеюіне септігін тигізеді.