
Приозёрск қаласы Экономика және қаржы бөлімінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті нығайту, заң талаптарын қатаң сақтау және қызметтік тәртіпті арттыру болды.
Бөлім басшысы заңның қоғам өміріндегі маңызы мен әрбір қызметкердің жауапкершілігі туралы атап өтті. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет этикасы және құқықтық нормаларды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.