2025 жылдың 7 тамызында Приозерск қаласының әкімі Мансұр Талғатұлы Ахметов инфляциялық процесстерді тежеу және әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдау жөніндегі қалалық штаб отырысын өткізді. Отырыс барысында азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін тежеу бойынша жүргізілген жұмыс туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Айдын Аманқұлұлы Алтаевтың есебі тыңдалды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.