
Құрметті Алтыншаш Дәлелханқызы және Марат Тасболатұлы!
Сіздерді отау құрғандарыңызға 25 жыл толуымен – күміс тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімінде көп жылдар бойы абыроймен еңбек еткен әріптесіміз Алтыншаш Дәлелханқызы, Сізді және жарыңыз Марат Тасболатұлын мерекемен құттықтай отырып, берекелі шаңырақтарыңызға бақ-береке тілейміз.
Осы айтулы мереке Отбасы күні қарсаңында келіп отырғаны да ерекше мәнге ие. Ширек ғасыр бойы бір-біріңізге сүйеу болып, көп балалы өнегелі отбасы ретінде ұрпақ тәрбиелеп, берекелі шаңырақ құрып келесіздер.
Шаңырақтарыңыз әрдайым шаттыққа толып, балаларыңыздың қызығын, немере-шөберелеріңіздің қуанышын көріп, дендеріңіз сау, ғұмырларыңыз ұзақ болсын!
Күміс тойларыңыз құтты болсын!
Отбасы күні құтты болсын!
Махаббаттарыңыз мәңгілік, шаңырақтарыңыз берік болсын!
Ізгі ниетпен,
Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімінің ұжымы