"Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша ақпарат
"Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келгенденсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы"бұйрығына сәйкес, 2023 жылға арналған көтерме жәрдемақылардың мөлшері 100 АЕК, яғни 345,0 мың теңге және бюджеттік кредиттердің мөлшері 1500 АЕК, яғни 5175,0 мың теңге мөлшерінде айқындалған. Жоспарланған қаржы жылына әр сала бойынша ұсынылған бос жұмыс орындарына сәйкес талап етілетін мамандықтардың тізбесі бекітіледі, ол аудан әкімінің сайтында орналастырылады.
2010 жылдан 2022 жылға дейін 104,7 млн. теңге сомасына 606 көтерме жәрдемақы, 857,9 млн. теңге сомасына 282 маманға бюджеттік кредит берілді.
2023 жылға жалпы сомасы 19320,0 мың теңгеге 56 маманға көтерме жәрдемақы жоспарланған, бүгінгі жағдай бойынша 34 маман көтерме жәрдемақы алды, айдың соңына дейін тағы 13 маманға төленеді, ағымдағы жылдың 01 қарашасына күтілетін игерілуі 16215,0 мың теңге.Оның ішінде: білім беру саласында -27 маманға, денсаулық сақтау - 6, Мәдениет-1, спорт -3, мемлекеттік қызмет-7, АӨК-3.
2023 жылға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 207000,0 мың теңге сомасына 40 маманға бюджеттік кредиттер жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша қызмет көрсету операторы болып Ұлттық экономика Министрінің бұйрығына сәйкес, Отбасы Банкі тағайындалды, Агрокредиттік корпорациядан қолданыстағы кредиттерді Отбасы банкі АҚ-ға беру жүзеге асырылды.
Жыл басында бюджеттік кредит алуға кезекте 19 маман болды, 13 маманнан өтінім қабылданды, оның ішінде 5 өтінім кезекте тұрғандардан.4 маман несие алды, 3 маманы бойынша кепіл шарты әділет органдарында тіркелуде, 2 сатып алу - сату шарты отбасы банкінің қарауына берілді, қарыз және кепіл шартын күтудеміз. 3 маман бойынша мақұлданды, жылжымайтын мүлікті бағалау сатысында, 1 маман қаулыны мақұлдағаннан және қабылдағаннан кейін өтініштің күшін жойды ( бұл сомаға баспана таппады).
Ағымдағы жылдың 01 қарашасына күтілетін игерілуі 60935,0 мың теңге. (игерілмеген сома 104665,0 мың теңге, оның ішінде Құланұтпес ауылындағы тұрғын үй құны бойынша 1165,0 мың теңге үнемдеу).Оның ішінде: білім беру - 6 маман сомасы-29885,0 мың теңге, денсаулық сақтау-4 маман -20700,0 мың теңге, спорт-1 маман - 5175,0 мың теңге, мемлекеттік қызмет - 1 маман -5175,0 мың теңге.
Бүгінгі күні отбасы банк порталында осы функцияның болмауы себебінен кезекке қою жүргізілмейді. Бұл проблемалық мәселе болып табылады, өйткені ағымдағы жылдың қаражатын игергеннен кейін көтерме жәрдемақылар бойынша кезекке қою қажет, мәселе отбасы банкіне жеткізілді.
Мамандар әртүрлі себептермен несиелерден бас тартады, бірақ басты себеп - тұрғын үй құны. Жоғарыда айтылғандай, несие мөлшері 5175,0 мың теңгені құрайды. Жыл ішінде тұрғын үйдің орташа бағасы ҚБШ үшін сатып алу есебінен жоғары болды (9,6 млн. теңге). Тағы бір фактор-бұрын АКК ерлі-зайыптылардың екеуіне де ортақ тұрғын үй сатып алуға несие берген, бірақ «Отбасы Банкі» АҚ-да «бір несие, бір кепіл» қағидасы бар.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Ережесімен мамандар ақпараттандырылды, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік кредиттердің сомалары айқындалды: ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын ауылдық елді мекендерде 2500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.
Тұрғын үйге сәйкестендіру және құқық белгілеу құжаттарының сәйкес келмеу фактілері бар, бұл сатып алу-сату шарттарын ресімдеуді қиындатады және мәміленің күшін жоюға әкеледі.
Экономика бөлімінің маманы Дипломмен ауылға бағдарлама бойынша келген мамандарға түсіндіру, хабардар ету бойынша жан-жақты жұмыс жүргізеді (телефон арқылы, әлеуметтік желілер арқылы). Сондай-ақ, осы тақырып бойынша тікелей эфирлер өткізіледі.