2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы
АҚПАРАТ
«Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандарға, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген кезде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2023 жылға көтерме жәрдемақы мөлшері 100 АЕК немесе 345,0 мың теңгені, ал бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК немесе 5 175,0 мың теңгені құрайды.
2022 жылы ауылдық жерге келген 55 маманға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде:
* білім беру саласында – 27 маманға 8 270,1 мың теңге;
* денсаулық сақтау саласында – 15 маманға 4 594,5 мың теңге;
* мәдениет саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге;
* спорт саласында – 4 маманға 1 225,2 мың теңге;
* агроөнеркәсіптік кешен саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге;
* мемлекеттік қызметшілерге – 3 адамға 930,6 мың теңге.
Тұрғын үй сатып алуға 30 маманға жалпы сомасы 136 735,2 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді, оның ішінде:
* білім беру саласында – 20 маманға 91 139,2 мың теңге;
* денсаулық сақтау саласында – 4 маманға 18 378,0 мың теңге;
* мәдениет саласында – 2 маманға 9 125,5 мың теңге;
* агроөнеркәсіптік кешен саласында – 1 маманға 4 594,5 мың теңге;
* мемлекеттік қызметшілерге – 3 адамға 13 498,0 мың теңге.
2023 жылға жалпы сомасы 19 320,0 мың теңгеге 56 маманға көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жалпы сомасы 207 000,0 мың теңгеге 40 маманға бюджеттік кредит беру жоспарлануда.