2022 жылдың он айының қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы
АҚПАРАТ
«Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандарға, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген кезде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2022 жылы көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК немесе 306,3 мың теңгені, ал тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК немесе 4 594,5 мың теңгені құрады.
2022 жылға ауылдық жерге келген мамандарға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңгеге 55 адамға көтерме жәрдемақы төлеу және жалпы сомасы 188 374,5 мың теңгеге 41 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру жоспарланған.
Бүгінгі күні 53 маманға жалпы сомасы 13 170,9 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде:
* білім беру саласында – 26 маманға 7 963,8 мың теңге;
* денсаулық сақтау саласында – 14 маманға 4 288,2 мың теңге;
* мәдениет саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге;
* спорт саласында – 4 маманға 1 225,2 мың теңге;
* агроөнеркәсіптік кешен саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге;
* мемлекеттік қызметшілерге – 3 адамға 930,6 мың теңге.
2022 жылға 41 маманға жалпы сомасы 188 374,0 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланған болатын. Бүгінгі күні 24 маманға жалпы сомасы 82 479,7 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді. Сонымен қатар, 6 маманның құжаттары рәсімделу сатысында.
Қазіргі уақытта 15 маман кезекте тұр және тұрғын үй іздестіруде.
Көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беруден 15 маманға бас тартылды. Бас тарту себептері:
* келу фактісінің расталмауы;
* соңғы екі жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешектің болуы.