2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы есеп

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

АҚПАРАТ

«Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандарға, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген кезде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2022 жылы көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК немесе 306,3 мың теңгені, ал тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК немесе 4 594,5 мың теңгені құрады.

2022 жылға ауылдық жерге келген мамандарға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңгеге 55 адамға көтерме жәрдемақы төлеу және жалпы сомасы 188 374,5 мың теңгеге 41 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру жоспарланған.

Есепті кезеңде 33 маманға жалпы сомасы 10 143,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде:

* білім беру саласында – 15 маманға 4 594,5 мың теңге;

* денсаулық сақтау саласында – 8 маманға 2 462,1 мың теңге;

* спорт саласында – 2 маманға 612,6 мың теңге;

* агроөнеркәсіптік кешен саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге;

* мемлекеттік қызметшілерге – 3 адамға 930,6 мың теңге.

2022 жылға 41 маманға жалпы сомасы 188 374,0 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланған болатын. Бүгінгі күні 18 маманға жалпы сомасы 82 479,7 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді. Сонымен қатар, 5 маманның құжаттары рәсімделу сатысында.

Қазіргі уақытта 13 маман кезекте тұр және тұрғын үй іздестіруде.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 24 009,0 мың теңге көлемінде бюджет қаражатын игермеу қаупі бар, оның ішінде:

 

* 1 036,5 мың теңге – үнемделген қаражат есебінен;

* 22 972,5 мың теңге – өтініштердің болмауына байланысты.

Қаражаттың игерілмеу себептері:

* соңғы екі жыл ішінде 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі болған азаматтарға бюджеттік кредит беруден бас тарту (мысалы, жыл басынан бері 11 маманға бас тартылған);

* аудан орталығындағы тұрғын үй бағасының жоғары болуы салдарынан кезекте тұрған мамандардың әлеуметтік қолдау шаралары аясында қарастырылған қаражат көлеміне сәйкес келетін тұрғын үй таба алмауы.

Дата публикации
16 июня 2026