"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 2021 жыл және 2022 жылдың 1 тоқсанында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларының көрсетілуі туралы есеп

АҚПАРАТ

2021 жыл және 2022 жылдың І тоқсанындағы көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

«Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.       

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген жағдайда әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2021 жылы көтерме жәрдемақы мөлшері 100 АЕК көлемінде белгіленіп, 291,7 мың теңгені, ал бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК көлемінде белгіленіп, 4 375,5 мың теңгені құрады.

2021 жылы 41 маманға жалпы сомасы 11 959,7 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде:

* білім беру саласында – 28 адамға 8 167,6 мың теңге;

* денсаулық сақтау саласында – 8 адамға 2 333,6 мың теңге;

* спорт саласында – 1 маманға 291,7 мың теңге;

* агроөнеркәсіптік кешен саласында – 3 маманға 875,1 мың теңге;

* мемлекеттік қызметші – 1 адамға 291,7 мың теңге төленді.

Тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік кредиттер 22 маманға жалпы сомасы 94 700,0 мың теңге көлемінде Қарағанды облысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы берілді. Желтоқсан айында қор «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен біріктірілуіне байланысты, бұдан былай барлық төлемдер мен несиелерді өтеу аталған корпорация арқылы жүзеге асырылатын болады.

2022 жылға көтерме жәрдемақы мөлшері 306,3 мың теңге, ал бюджеттік кредит мөлшері 4 594,5 мың теңге болып белгіленді.

2022 жылы ауылдық жерге келген мамандарға:

* 55 адамға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу;

* 41 маманға тұрғын үй сатып алу үшін жалпы сомасы 188 374,5 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланды.

2022 жылдың І тоқсанында 18 маманға жалпы сомасы 5 513,4 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде:

* білім беру саласында – 12 маман;

* денсаулық сақтау саласында – 5 маман;

* мемлекеттік қызметші – 1 адам.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттерді беру мамыр айынан бастап жоспарлануда. Себебі кредиттік шарттың болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қаражатты игеру мерзімі наурыз айынан кейінге ауыстырылды.

Дата публикации
16 июня 2026