АҚПАРАТ
Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлеріне, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бағдарламасы туралы
«Дипломмен ауылға» әлеуметтік қолдау шаралары бағдарламасы іске асырылған уақыттан бері 510 маманға жалпы сомасы 75 899,0 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде негізгі үлесті білім беру саласының қызметкерлері – 70%, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері – 20%, мәдениет саласының қызметкерлері – 5%, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері – 4%, спорт саласының қызметкерлері – 1% құрайды.
Тұрғын үй сатып алу үшін 230 маманға жалпы сомасы 626 449,0 мың теңге бюджеттік кредит берілді. Оның ішінде білім беру саласының қызметкерлері – 68%, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері – 21%, мәдениет саласының қызметкерлері – 7%, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері – 4%, спорт саласының қызметкерлері – 1%.
2021 жылға ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген 55 маманға жалпы сомасы 16 044,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 18 маманға жалпы сомасы 5 250,6 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді.
Көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК-ті құрайды, яғни ағымдағы жылы бұл 291 700 теңге.
Сондай-ақ, 2021 жылға тұрғын үй сатып алу үшін 22 маманға жалпы сомасы 96 261,0 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланған. Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6 маманға жалпы сомасы 24 914,0 мың теңге көлемінде кредит берілді.
Берілетін бюджеттік кредиттің ең жоғары мөлшері 1500 АЕК-тен аспауы тиіс, яғни 2021 жылы бұл сома 4 375,5 мың теңгені құрайды.