"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап «Отбасы Банкі» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығына сәйкес «Дипломмен –ауылға!» бағдарламасы бойынша сенімді өкіл (агент) болып анықталған.
«Отбасы Банкіне» сенімді өкіл (агент) функцияларын беру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде Қарыз алушыларға СМС-хабарламалар және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар арқылы сенімді өкіл (агенттің) ауысуы және «Отбасы Банкінің» байланыс орталығына қысқа саны 300 нөмеріне хабарласу қажеттігі туралы хабардар етті.
Қарыз алушылар кестеге сәйкес ай сайынғы төлемдерді өтеу үшін, ағымдағы жылдың сәуір айында «Отбасы Банкінен» шот ашу қажет.
2023 жылдың 30 сәуіріне дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қарыз алушылардың төлемдерін қабылдап, қаражатты «Отбасы Банкіне» аударады.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-дағы ағымдағы шоттар төлем жасауға қолжетімділігі жабылуға жоспарланған.

«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ