Аудан бюджеті туралы
2022 жылы жергілікті бюджетке 3 млрд. 844 млн. 345,0 мың теңге немесе жоспарға 116,9% салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (жоспар – 3 млрд 287 млн 411,0 мың теңге).
2021 жылмен салыстырғанда (2 млрд 844 млн 470,2 мың теңге) түсімдер 999 млн 874 мың теңгеге өсті.
Республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының орындалуы 1 млрд 500 млн 866,8 мың теңгені (жоспар – 2 млрд 353 млн 671 мың теңге) немесе 64% құрады.
2022 жылы аудан бюджетінің шығыстары 10 млрд 990 млн 503,0 мың теңгені немесе жоспарға 91,7% құрады (жоспар – 11 млрд 989 млн 628 мың теңге).
Бюджеттің 4-ші деңгейін жүзеге асыру
Ақтоғай ауданы бойынша барлығы 17 ауылдық әкімшілік бар.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың бекітілген бюджеттерінің көлемі 2022 жылға 1 млрд 429 млн 037 мың теңге, оның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген субвенциялар – 605 млн 630 мың теңгені құрады.
Бұл қаражат есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру, жарықтандыру, жөндеу, жолдарды күтіп ұстау, басқару аппаратын қамтамасыз ету және т.б. қаржыландырылады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың бекітілген бюджеттерінің көлемі 2023 жылға 1 млрд 289 млн 238 мың теңге, оның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген субвенциялар – 820 млн 212 мың теңгені құрады.