
Климаттық дағдарыстыңәсіресе балалардың әл-ауқатына ықпалының артуына жауап ретінде Қазақстан балаларжастар және климат саласындағы іс-қимылдар туралы Декларацияға қол қойған әлемнің 65 елінің қатарына қосылдыҚол қою бүгін Астанада өтті
Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев ЮНИСЕФ, климаттың өзгеруі жағдайында балаларды қорғау мәселелеріндегі негізгі әріптестердің біріМинистрлік ынтымақтастықты кеңейтуге ашық және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп балаларға және тұрақты болашаққа бағытталған бастамаларды іске асыруға дайын
Декларацияға қол қоя отырыпҚазақстан болашақ ұрпақ үшін таза, салауатты және орнықты ортаны қамтамасыз ететін іс-қимылдарды қалыптастыру кезінде балалармен және жастармен мазмұнды өзара іс-қимыл жасауға міндеттеме алдыБіз бұл маңызды қадамды құптаймыз және осы міндеттемелерді балалар үшін нақты нәтижелерге айналдыру мақсатында Үкіметпен әріптестігімізді нығайтуға сенеміздеп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Реджина Де Доминичис
Қазақстан ұлттық айқындалатын салымның жаңартылған нұсқасын (ОНУВ 3.0) және Ұлттық бейімделу жоспарын (ҰБЖ) қоса алғанданегізгі климаттық стратегиялар мен саясаттарды әзірлеу кезінде балалардың климаттың өзгеруі жағдайындағы ерекше осалдығы мен қажеттіліктерін ескеру үшін шаралар қабылдайды
Өткен жылы Таза Қазақстан экологиялық мәдениетін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілдіБұл құжат стратегиялық мақсаттыэкологиялық жауапты және тұрақты қоғамды қалыптастыруды көрсетедіоның шеңберінде нақты нысаналы индикаторлар көзделген
Сондай-ақбілім беру саласында балалармен жастарды экологиялық іс-шараларға тартуғақоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді
Декларация ұлттық және жаһандық деңгейде балалар мен жастарға бағытталған Инклюзивті климаттық саясатты әзірлеуді жеделдетуге бағытталған осындай бірінші халықаралық бастама болып табыладыДекларацияны сақтаушылардың бірі ретінде ЮНИСЕФ Қазақстанды қоса алғандаүкіметтерді оның ережелерін ілгерілету мен іске асыруда қолдайдыБіріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттер Декларацияға қол қоюға шақырылды
ЮНИСЕФ үкіметтермен және серіктестермен білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау сияқты балалар тәуелді жүйелерді бейімдеу және нығайту бойынша ынтымақтасадыосылайша бұл жүйелер климаттық өзгерістердің әсеріне төзімді және туындаған тәуекелдерге тиімді жауап бере алады
Қазақстанда ЮНИСЕФ тұрақты экологиялық даму қағидаттарын ілгерілете отырып, климат саласындағы еріктілермен белсенді жұмыс істейді. ЮНИСЕФ-тің бірқатар еріктілер бастамаларысоның ішінде мектептердегі іс-шаралар мен әлеуметтік медиа науқандары арқылы еріктілер 2 миллионнан астам адамды қамтыды
Сондай-ақ еліміз 2026 жылы өңірлік Климаттық саммит өткізуге дайындалудаонда жастардың қатысуын қамтамасыз етіпбалаларға арналған климаттық әділеттілік мәселелерін көтеру жоспарлануда