Ең көп өтініштер аумақтарды жинау, тұрмыстық қоқыстарды шығару, көшелерді абаттандыру және тазалауға бағытталған.
Платформа еліміздің тұрғындарына әртүрлі экологиялық мәселелер бойынша өтініш пен шағым берудің қарапайым және ыңғайлы тетігін ұсынады. Өтінімді жіберу үшін авторизациядан өту, фотосуретті тіркеу, мекенжайды көрсету және мәселені қысқаша сипаттау жеткілікті.
Өтінімдер автоматты түрде тиісті жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Орындаушылар жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесепті тіркеуге міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, @TazaQazBot телеграм-чат-ботын Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылдың маусым айында қоршаған орта жағдайына қоғамдық бақылауды арттыру және азаматтарды экологиялық проблемаларды шешуге қатыстыру мақсатында іске қосты.
Платформа қоршаған ортаның ластануына және экологиялық нормаларды бұзуға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде.