Елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы ақпарат

Елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы ақпарат

Мемлекет басшысының елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көгалдандыру бойынша  өңірлік жоспарлары бекітілді.

2021-2025 ж. аралығында жыл сайын 3 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Жалпы, 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін барлығы 14,3 млн. астам ағаш отырғызылды.

Елді мекендерді көгалдандыру үшін  биіктігі 1 метр немесе одан үлкен көшеттер қолданылады.

Көшеттердің жасы 2-4 ж.; биіктігі тұқымы мен өсу жағдайына байланысты 30 см-ден 2 метрге дейін.

-үлкендеу көшеттер көгалдандыруда, аумақтарды абаттандыруда, сыртқы бейнесі және сәнділігі маңызды бақтар мен саябақтарда қолданылады;

-жасыл желектерді құруды жергілікті атқарушы органдар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырады;

-көшеттерді отырғызу елді мекеннің бас жоспарына сәйкес ортақ пайдаланылатын жерлерде жүргізіледі.