Елордалық Ботаникалық бақта БҰҰДБ-ның 60 жылдығына арналған аллея пайда болды

Елордалық Ботаникалық бақта БҰҰДБ-ның 60 жылдығына арналған аллея пайда болды

2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласының Ботаникалық бағында  сібір қарағайының көшеттері отырғызылды. Оған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі В.Катаржина, ҚР Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Д.Теменов, Астана қ. "Есіл" ауданының әкімі Д.Қыдырбек-ұлы қатысты. Аталмыш экологиялық акция БҰҰДБ-ның әлемдегі 60 жылдығын мерекелеуге орайластырылған.

Қазақстанда БҰҰ даму бағдарламасы 1994 жылдан бері жұмыс істейді. 30 жыл ішінде 200-ден астам жоба жүзеге асырылды.

2000-шы жылдардан бастап БҰҰДБ ел дамуының стратегиялық құжаттарын әзірлеуде сараптамалық қолдау көрсетті, оның ішінде жасыл экономикаға көшу, 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму, биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамалары.

БҰҰДБ бастамасы бойынша сегіз жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылып, қолданыстағы үшеуінің ауданы кеңейтілді. Қазақстанда алғаш рет 2,9 млн га алаңда "Қапшағай-Балқаш" және "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәліздері құрылды, олар қарақұйрық пен киік сынды жануарлардың көші-қон жолдарын қорғауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бағдарлама 2,3 млн гектар орман қорында 1,2 млн гектардан астам жоғары табиғат қорғау құндылығына ие ормандарды анықтауға бастамашы болды және қолдау көрсетті. Сондай-ақ Қазақстанда ерекше құнды 18 ағаш түрінің тұқымының бірінші және жалғыз генетикалық банкін құрды.