Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 17 наурыз бен 30 сәуір аралығында ЖОО-да экологиялық сағаттар өткізді. Бастама Алматы, Шымкент, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстарындағы оқу орындарын қамтыды.
Аталмыш шараның мақсаты - жастардың экологиялық жағдайлар бойынша хабардарлығын арттыру, қоршаған ортаның ластануына және экологиялық құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" мәдениетін қалыптастыру. Негізгі тақырыптарды талқылауға 1500-ге жуық студент қатысты.
Мұндай экологиялық сағаттарға жастардың қызығушылығы жоғары деңгейде екендігі байқалады, сондай-ақ эко кездесулер жоғары білім беру жүйесіндегі экологиялық ағартуға жүйелі көзқарастың қажеттігін растауда.