2025 жылғы 27 сәуір мен 9 мамыр аралығында Женева қаласында (Швейцария) қауіпті заттар мен қалдықтарды басқару жөніндегі үш негізгі конвенцияға қатысушыларды біріктіретін Базель, Роттердам және Стокгольм конвенциялары (БРС-2025) тараптарының конференциясы өтуде.
Кездесу тақырыбы: «Көрінбейтінді көрсету: химиялық заттар мен қалдықтарды ұтымды басқару». Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, Орталық Азия климатының өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азия жобалық кеңсесінің, «Жасыл даму» АҚ және өзге де мекемелердің өкілдері қатысады.
2025 жылғы 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында отырыстар шеңберінде экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев қатысатын жоғары деңгейдегі сегмент өтеді.
Тараптар конференциясында бірқатар тұрақты органикалық ластауыштарды өндіруді және пайдалануды тоқтату, бірқатар пестицидтерді сату кезінде алдын ала негізделген келісім қағидаларын енгізу, сондай-ақ электрондық және пластик қалдықтармен байланысты кейінгі шаралар, қалдықтарды, атап айтқанда пластикті, электрондық қалдықтарды экологиялық басқару жөніндегі басшылық қағидаттар және т. б. қарастырылады.