Қоқыстарды қайта өңдеу жобалары: «ЭКО Шина» ЖШС

Қоқыстарды қайта өңдеу жобалары: «ЭКО Шина» ЖШС

Мемлекет басшысының ірі қалаларда қоқыстарды қайта өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында кәдеге жарату төлемдер есебінен жеңілдетілген қаржыландыру механизмі бекітілді. Бұл механизм жылдық 3% мөлшерлемемен 15 жылға дейінгі мерзімге қарыздар түрінде беріледі, төлемдер бойынша екі жылға дейінгі демалыс кезеңдері қарастырылған.

Қазіргі таңда Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Атамекен» ҰКП тарапынан әкімдіктер ұсынған 67 жоба мақұлданды. Олардың 43-і қоқыстарды қайта өңдеуге бағытталған жобалар.

Әр жобаға жеке тоқталып, таныстыруды жалғастырамыз. «ЭКО Шина» ЖШС - Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын, ол автомобиль шиналарының қалдықтарын қайта өңдеуге және резинотехникалық өнімдерді өндіруге маманданған. Өндірісінде қайта өңделген материалдар, соның ішінде резеңке үгіндісі мен шиналық регенерат қолданылады.

2024 жылы компания «Автомобиль шиналары қалдықтарын қайта өңдеуді жаңғырту және дайын өнімдер желісін кеңейту» жобасын іске асырады. Жоба «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен, АО «Жасыл даму» бағдарламасы аясында 481,8 миллион теңге сомасына жүзеге асырылады. Бұл қаражат шиналарды қайта өңдеу қуаттылығын 6 000-нан 10 000 тоннаға дейін арттыруға, сондай-ақ резинотехникалық өнімдердің ассортиментін кеңейтуге және өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді: резеңке үгіндісі, шиналық регенерат, модульдік резеңке плитка, пиролизді отын, резеңке қоспалар, формалы және формасыз резиноөнімдер, текстильді және металды корд, сондай-ақ техникалық көміртек.

Жоба Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес келеді және қоршаған ортаны қорғау және қоқыстарды қайта өңдеу бойынша республикалық және өңірлік бағдарламаларға интеграцияланған. Министрлік  «Жасыл даму» АҚ тарапынан қаржылық қолдау алған кәсіпорындардың қызметін әрі қарай кеңінен насихаттайтын болады, бұл олардың елдегі экологиялық тұрақтылыққа қосқан үлесін айқындайды.