Қалдықтарды қайта өңдеу жобалары: «Рудный-АБАТ-2006» ЖШС

Қалдықтарды қайта өңдеу жобалары: «Рудный-АБАТ-2006» ЖШС

Мемлекет басшысының ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында кәдеге жарату төлемдер есебінен жеңілдетілген қаржыландыру механизмі бекітілді. Бұл механизм бойынша 3% жылдық мөлшерлемемен 15 жылға дейінгі мерзімге, төлемдер бойынша екі жылға дейінгі демалысы бар қарыздар беріледі.

Бүгінгі таңда әкімдіктерден ұсынылған 67 жоба Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Атамекен» ҰКП тарапынан мақұлданды, олардың 43-і қалдықтарды қайта өңдеу жобалары. Олар пластикті – 87 мың тонна жылына; макулатураны – 288 мың тонна жылына; шыныны – 151 мың тонна жылына; шиналарды – 77 мың тонна жылына; құрылыс қалдықтарын – 264 мың тонна жылына; басқа қалдықтарды (азық-түлік, электронды, электрлік, АБК) – 486 мың тонна жылына өңдеуге бағытталған.

Әрбір жобаны бөлек қарастырайық. Бүгін «Рудный-АБАТ-2006» ЖШС-нің қызметі туралы атап өтеміз. Компания құрылыс қалдықтарын өңдеуге және қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша техно-экопарктің құрылысын жүзеге асыруда. Жоба жылына 50 мың тонна ҚТҚ сұрыптап, 70 мың тонна құрылыс қалдықтарын өңдеуді көздейді, сондай-ақ 40-тан астам жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Компания «Жасыл даму» АҚ арқылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-нан 218,9 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау алды, бұл өңірдегі қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату жүйесін жаңартуға мен жетілдіруге ықпал етеді.

Министрлік «Жасыл даму» АҚ-тан қаржылық қолдау алған кәсіпорындардың қызметін әрі қарай жариялауды жалғастырады.