Экофестиваль: Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының көрме аймақтары

Экофестиваль: Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының көрме аймақтары

Бүкіл ел бойынша ауқымды экологиялық іс-шаралар жалғасуда - тақырыптық апта аясында экологиялық жобалар көрмесі ұйымдастырылып, аталмыш шарада «Жасыл технологиялар» бағыты бойынша 9 көрме аймағы құрылды. Олардың әрқайсысына тоқталайық.

Өнеркәсіптік қалдықтарды кешенді қайта өңдеу жобасы

Компания өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша инновациялық жобаларды дамытуда. Негізгі жоба-көмір ЖЭО күлін қайта өңдеп, одан металл концентраттары алынады, пластикке арналған қоспа-түйіршіктер және «жасыл» бетон өндіріледі. Бұдан басқа, 2024 жылғы желтоқсанда "Ақнар" құс фабрикасының (Қарағанды қ.) қалдықтары негізінде органикалық көбіктүзгіш және көбікбетон блоктарын өндіру іске қосылды.

Smart Energy Solution

Smart Energy Solutions электр энергиясын тұтынуды оңтайландыратын өнеркәсіптік кәсіпорын бағдарламалық құралын әзірлеуде. Бұл жүйе жасанды интеллект негізінде энергия желісінің жұмысын талдап, ауытқуларды анықтайды, сондай-ақ сұранысты болжай отырып, шығындарды азайтуға көмектеседі.

«Dala-Ecos SP»

«Dala-Ecos SP» ЖШС өнеркәсіптік шығарындылар мен қалдықтарды экологиялық құрылыс материалдарына айналдыру технологияларын көрсетеді. Бір жоба Қазақмыс компаниясының мыс балқыту зауытының қалдық газдарынан күкірт диоксидін ұстап, Greencrete™ материалы үшін серополимерлі тұтқыр зат шығарады. Тағы бір жоба өнеркәсіптік қалдықтарды, соның ішінде мұнай шламдарын greencrete™ композиттік күкіртбетонына өңдейді.

FACEPLATE

Бұл күн және жел станцияларының жұмысын қазіргі сәтте бақылауға және басқаруға арналған инновациялық платформа. Ол жаңартылатын энергияны біртұтас «ақылды» желіге біріктіреді, жасыл энергияны пайдалану тиімділігін арттырып, шығындарды және CO₂ шығарындыларын азайтады.

TabQorTech

TabQorTech-ормандарды бақылауға және қалпына келтіруге арналған экодрон. Олар заңсыз ағаш кесу және экожүйелерге басқа қауіптерді анықтау үшін нақты уақыт режимінде ормандарды күзетеді. Бірегей функциясы - автономды ағаш отырғызу: дрон тұқым және қоректік заттары бар  биологиялық ыдырайтын капсулаларды таратады, тіпті құрғақ аймақтарда да көшеттердің өсіп шығуын қамтамасыз етеді.

SMARTECOFIELD

Smartecofield - мұнаймен ластанған топырақты тазартуға арналған мобильді биотехнология. Жоба 2015 жылы іске қосылып, дат мамандарымен бірлесіп жетілдірілді. Оның негізінде қазақстандық Бакойл — KZ биопрепараты және цифрлық шешімдер (оттегі наноқозғалтқыштары, датчиктер, автоматтандыру). SMARTECOFIELD мобильді кешені топырақты тазарту мерзімін 12-15 айдан 1-2 айға дейін қысқарту және экожүйеге зиян келтірмеу арқылы мұнай төгілуінің салдарын тез жоюға мүмкіндік береді.

«Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС

Судың ғылыми-технологиялық орталығы еліміздегі су айдындарын тазартудың патенттелген биотехнологиясы және микробалдырларды өнеркәсіптік өндіруге лицензиясы бар жалғыз ұйым. Бұл әдіс химиялық реагенттерді қолданбай,  суды өздігінен тазартатын Chlorella Vulgaris SKO-а KM-0870 хлорелла штаммын қолдануды көздейді. Осы арқылы ағынды суларды тиімді тазартып, экожүйені қалпына келтіреді және балықтардың өлуінің алдын алады.

«Акмоласвязьмонтаж» ЖШС

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Ақмоласвязьмонтаж» ЖШС төтенше жағдайларды басқарудың тиімділігін арттыру үшін бірыңғай цифрлық экожүйені құрды. Жүйе экологиялық және техногендік қатерлерді анықтап, олардың салдарын модельдеу және залалды бағалаудан бастап, шешуге дейінгі циклін қамтамасыз етеді. Шешімдер жасанды интеллект және машиналық оқыту технологиялары негізінде аумақтық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып қабылданады.

Murat Beton Technology

«Murat Beton Technology» жобасы мұнай шламдары мен күкірттен жасалған FSSC (Fiber Sludge Sulfur Concrete) бетонын ұсынады. Бұл материал кәдімгі бетонға қарағанда берік, төзімді және өндіріс кезінде суды қажет етпейді. Бұл технология мұнай қалдықтарын жойып, полигондарды, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұл көрме «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды. 21-23 сәуір аралығында іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты.

Әрбір қатысушыға алғыс білдіре отырып, тақырыптық аптаның жалғасатынын еске саламыз. Шаралар 26 сәуірде жаппай ағаш отырғызумен аяқталады.