«Экологиялық білім үздігі» Ұлттық байқауының қорытындысы

«Экологиялық білім үздігі» Ұлттық байқауының қорытындысы

Аталмыш байқауды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында жыл сайын өткізеді.

Конкурс екі номинация бойынша аймақтық және ұлттық кезеңдерде өтті:

1) «Табиғатқа жанашыр ұйым» номинациясы;

2) «Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациясы.

«Табиғатқа жанашыр ұйым» номинациясы бойынша:

Бірінші орын – Қарағанды облысы Білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№ 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

Екінші орын – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Бөрлі ауданы бөлімінің «Ақсай қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;

Үшінші орын – Қызылорда облысының Білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім беру бөлімінің «Сыр-бөбегі» бөбекжай бақшасы КМҚК.

«Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациясы бойынша:

Бірінші орын – Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

Екінші орын – Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің Білім  басқармасының «Жібек жолы мектеп лицейі» КММ;

Үшінші орын – Шымкент қаласы Білім басқармасының «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ.