Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) оның ведомстволары мен олардың аумақтық құрылымдарында жұмыс уақытының режимі демалысқа және тамақтануға сағат 13.00 ден 14.30 дейінгі үзіліспен, жұмыс күнінің басталуы 08.00 сағат, жұмыс күнінің аяқталуы 17.30 сағат болып өзгергені туралы хабарлаймыз («Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметін ұйымдастыру мәселелері туралы» 2025 жылғы 3 сәуірдегі 82-Ө бұйрығы).
Осыған байланысты, барлық қызмет көрсетушілерді жаңартылған жұмыс кестесіне көшуге және қабылдауды жаңа графикке сәйкес қатаң түрде жүргізуге шақырамыз.