
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың төрағалығымен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету бойынша қызметтер көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша Астана қаласы әкімдігінің оң тәжірибесін масштабтау мәселесі бойынша кеңес өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 26 наурызында коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтар мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Отырыс барысында Министрлік облыстардағы қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетуге әкімдіктердің әлсіз мониторингі мәселесін айтты. ҚР Үкіметінің отырысы барысында Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек елорданың оң тәжірибесін таныстырды. Отырыс соңында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.Бектенов өз тапсырмасында Астананың тәжірибесін атап өтіп, еліміздің барлық облыстарында енгізіле отырып, коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару, мониторинг және бақылау саласындағы цифрлық шешімдерді әзірлеуді тапсырды.
Бүгінгі кеңес барысында қатысушылар коммуналдық және құрылыс қалдықтарын басқару саласын цифрландыру жөніндегі міндеттермен, атап айтқанда, қалалардағы әкетуді бақылау және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен күресу деңгейін арттыру шараларымен таныстырылды.
Бұдан басқа, Астана қаласы әкімдігінің оң тәжірибесінің негізгі аспектілері қарастырылды, онда қалдықтарды басқару процесінің барлық қатысушылары жасанды интеллектті қолдана отырып, «Waste Management» цифрлық жүйесінде жұмыс істейді. Жоба ҚР ЭТРМ қолдауымен іске асырылды және өз тиімділігін көрсетті, оның нәтижесі қалдықтарды шығару сапасының деңгейін арттыру және тұрғындардың шағымдарының санын 98% - ға төмендету болды.
Кеңеске қатысушылар тираждау жөніндегі тетіктерді, Қазақстан облыстарының барлық елді мекендерінде бар тәжірибені тұрғындар үшін қызмет көрсету сапасын арттырудың және көрсетілетін қызметті берушілердің коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша міндеттемелерін орындауының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етудің негізгі шараларының бірі ретінде талқылады.
Бұл жұмыс ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүргізетін әкету, қайта өңдеу және көму мониторингінің тиімділігі мен деңгейін арттыруды көздейтін қалдықтардың барлық түрлерін басқаруды жүйелеу шеңберінде жүргізіледі.
Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, тиісті тапсырмалар берілді.