"Орталық Азия үштік планетарлық дағдарыстың сын-қатерлерімен бетпе-бет келеді"

"Орталық Азия үштік планетарлық дағдарыстың сын-қатерлерімен бетпе-бет келеді"

5 сәуірде Самарқандта Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев «Орталық Азия үштік планеталық дағдарыстың сын-қатерлерімен бетпе-бет келеді» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі пленарлық отырысқа қатысты. Ісшараға Орталық Азия елдері мен Моңғолиядан қоршаған ортаны қорғау министрлері қатысты. Диалог барысында биоәртүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруіне төзімділік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Талқылау барысында елдерге аймақтағы климаттың өзгеруіне бейімделу, апаттардың алдын алу және ертерек ден қою шаралары бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу ұсынылды.