Мәселелерді ескеріп, оларды шешу

Мәселелерді ескеріп, оларды шешу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Астана қаласының Министрліктер үйінде орналасқан азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдауды өткізді.

Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа ортасын құру болып табылады. Оның базасында келушілер ыңғайлы жағдайда кез келген мемлекеттік органға өтініш бере алады, сондай-ақ ХҚКО-ға ұқсас түрлі ведомстволар өкілдерінен, медиаторлардан және заң мамандарынан кеңес ала алады.

Сонымен қатар, мұнда азаматтар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке қабылдауына жазыла алады.

Ж.Әлиев экология мен табиғатты пайдалануға қатысты азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Ол сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен Комитеттердің басшыларына осы өтініштер бойынша жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.