Өңірлердегі кездесу. Түркістан облысы

Өңірлердегі кездесу. Түркістан облысы

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Құрмалаев Түркістан облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесті.

Вице-министр атап өткендей, жалпы басқа өңірлермен салыстырғанда Түркістан облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы.

Түркістан облысы бойынша экопроблемаларды шешу бойынша Жол картасында 27 іс-шара көзделген. Оның ішінде 7 орындалды, қалған тармақтар орындауда.

Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының негізгі көздері өнеркәсіптік кәсіпорындар, автокөлік және жеке жылу көздері болып табылады.

Түркістан қаласындағы үш автоматты станцияда ауа мониторингі жүргізілуде.

Облыстағы барлық 128 ҚТҚ полигоны экологиялық талаптарға сәйкес келеді.

Облыста 367 рұқсат етілмеген полигон бар, олардың барлығы жойылды.

Вице-министр атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын және тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарын бекітілді.

Орман шаруашылығы саласында Түркістан облысының мемлекеттік орман қорының ауданы 3 474,7 мың гектарды құрайды, оның 1 595,6 мың гектары орманмен қамтылған. Аймақтың ормандылығы-45,9%.

2025 жылға 16 500 га алқапта ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шаралар жоспарланған.

Сондай-ақ, кездесу аясында азаматтарды жеке қабылдау және республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді.