
2025 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Шәрбиев Қостанай облысының тұрғындары және коммерциялық емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында вице-министр өңірдегі экологиялық жағдай туралы айтып, жергілікті халықтың сұрақтарына жауап берді.
Жалпы Қостанай облысындағы экологиялық жағдай тұрақты. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылуда және қазіргі уақытта Қостанай ЖЭО ақпараттық жүйеге қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Негізгі мәселе - қалдықтарды басқарудың нашар дамыған инфрақұрылымы, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі жөнінде айтылды.
Жүргізілген мониторинг барысында облыста 373 рұқсат етілмеген полигон анықталып, оның 354-і жойылды (94%).
Бұдан басқа, 2024 жылы қайта өңделген және кәдеге жаратылған коммуналдық қалдықтардың үлесі 21,1% құрады, бұл көрсеткіште 2023 жылмен салыстырғанда оң динамика байқалады.
Сондай-ақ, вице-министр Әулиекөл ауданындағы ірі орман өртінің салдарын жою бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталды. 2 жыл ішінде кесу үшін 13,1 мың га бөлінді, бұл жалпы бүлінген алаңның 40% құрады. Автомобиль жолдарының бойында 310 га аумақта ағаш отырғызылды.
Мемлекет басшысының 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы аясында Қостанай облысының орман мекемелерімен барлығы 55,4 млн. түп ағаш отырғызылды, ал республика бойынша жалпы көрсеткіш 1 млрд. 150 млн түпті құрады.
Сондай-ақ, шара барысында өңір тұрғындары жануарларға қатыгездік таныту, атмосфералық ауаның сапасы және т. б. мәселелерді көтерді.
Жұмыс сапарының соңында Н. Шәрбиев республикалық, өңірлік БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді және азаматтарды жеке қабылдады.