Қоғамдық тыңдаулар деректерінің «Ecoportal» ақпараттық жүйесінен «Қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай – күйі ұлттық деректер банкі» ақпараттық платформасына көшуі аяқталғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты, 2025 жылғы 26 наурыздан бастап «Қоршаған орта және табиғи ресурстар жай-күйінің Ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесінде «Қоғамдық тыңдаулар» компоненті қолжетімді.
Осыған байланысты, техникалық мәселелер (Қоғамдық тыңдаулар компонентіне қатысты техникалық мәселелер) туындаған кезде келесі нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз:
8 (7172) 70-16-65 (іш.6052, 6000);
Сонымен қатар, sd_ndbecology@nitec.kz электрондық пошта арқылы техникалық проблема туралы өтінім қабылданады: (скриншотты және мәселенің толық сипаттамасын жіберу қажет). Өтінімдер кезек тәртібімен өңделеді.
Сонымен қатар, платформада «Қоғамдық тыңдаулар» компоненті бойынша өтінім беру бойынша сұрақтарға кеңес беру үшін 8(7172) 24-94-11 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.