Бүгін Ұлытау облысындағы іс сапар аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралады.
Министр Ботаникалық баққа барды, Жезқазған ботаникалық бағы ҚР ЭБЖМ ОШЖӘК "Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК филиалы болып табылады. Ботаникалық саябақтың проблемалық мәселелерінің бірі-оның техногендік қолайсыз аймағында орналасуы. Министр Ботаникалық бақ қызметкерлерімен кездесіп, олардың жұмысымен танысып, жұмыс кеңесін өткізді.
Е. Нысанбаев "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС, Жезқазған мыс балқыту зауытының өндірістік нысандарын аралады. Кәсіпорындардың жұмысымен танысып, АМЖ қосу мәселелерін, Ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу мәселелерін қарастырды.
Облыс әкімдігінде Ұлытау облысының әкімі Д. Рысбековтың төрағалығымен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың қатысуымен облыстық құрылымдық бөлімшелер, департаменттер мен құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында Министр ҚР Үкіметі қабылдаған Ұлытау облысының экологиялық ахуалын жақсарту бойынша Жол картасына тоқталып, әр тармақтың маңыздылығын айта отырып, іске асырушы әр мемлекеттік органның жауапкершілігін атап өтті.
Кездесу барысында ҚТҚ, қоқыс полигондары, қоқысты қайта өңдеу мәселелері көтерілді. Кездесуге қатысушы, "Таза қала-Жезқазған" өкілі қоқыс жинау бойынша презентация ұсынды.
Астана қаласының үлгісі бойынша Жезқазған төңірегінде "жасыл белдеу" құру бойынша ұсыныстар да қызықты болды. Министр өз сөзінде, Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын "жасыл белдеу" жобасын әзірлеуге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Экология министрлігінің аумақтық құрылымдық бөлімшелеріне, Жезқазған қаласының әкімдігіне ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.