🔹 2024 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаевтың Ұлытау облысында сағат 10:15 — те азаматтарды қабылдау, ал 10:45-те- тұрғындарымен кездесуі өтеді. Өңірлік БАҚ өкілдері үшін брифинг сағат 12.15-те өтеді. Барлық іс-шаралар Жезқазған қаласы, Алашахан көшесі 3, Халықтар достығы және мәдениет үйі мекенжайы бойынша өтеді.
⏯️Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ұлытау облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
📩Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: +7 701 100-44-66 және электрондық мекен-жайларға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 7 701 100-44-66 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.