Қазақстан мен Моңғолия өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан мен Моңғолия өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде вице-министр Н.Шәрбиев Моңғолия Парламентінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар экологиялық заңнаманы іске асыру, табиғатты тұрақты пайдалану және биологиялық ресурстарды пайдалану мәселелерін талқылады.

Вице-министр экологиялық рұқсаттар мен лицензияларды беру процесі туралы хабардар етті. Ол аталған рәсімнің ашықтығын және рұқсат беру жүйесі экологиялық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Н. Шәрбиев экологиялық стандарттарды міндетті сақтауды, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізуді және табиғатты пайдалану қызметін қауіпсіз жүргізу үшін қажетті инфрақұрылымның болуын растауды қамтитын лицензиялар алу үшін негізгі талаптарды белгіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Моңғолияның халықаралық аренада қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларын қолдауға келісті.