Метан және СО2 емес парниктік газдар бойынша СОР29 саммит

Метан және СО2 емес парниктік газдар бойынша СОР29 саммит

Қазақстан делегациясы Президент Кеңесшісі-Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі З. Сүлейменова мен Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаевтың басшылығымен АҚШ, Әзербайжан және ҚХР ұйымдастырған Метан және СО2 емес парниктік газдар бойынша СОР29 саммитіне қатысты.

Саммиттің негізгі бағыттары:

Қаржы: супер ластаушы заттармен күресу және қосымша инвестициялар үшін 2 миллиард доллардан астам халықаралық гранттар жұмылдырылды.

Саясат: мұнай-газ секторында және қалдықтарды көму саласында метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаңа шаралар.

Ғылым: жаһандық N2O шығарындыларын 40% азайту мақсатында азот оксидін бірінші жаһандық бағалауды бастау және тропосфералық озонның климатқа әсерін азайту бойынша күш-жігер.

Президент кеңесшісі өз сөзінде Қазақстан метанның апаттық емес шығарындыларын қысқартуға және мұнай-газ секторындағы ағып кетулерді анықтауға және жоюға жәрдемдесуге бағытталған метан жөніндегі нормативтік актілерді әзірлеуді аяқтауға, сондай-ақ 2025 жылы СОР30-ға метан шығарындыларын азайту жөніндегі ұлттық бағдарламаны аяқтауға ұмтылатынын атап өтті.