ЕТДҚ өкілдерімен кездесу өтті

ЕТДҚ өкілдерімен кездесу өтті

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Еуразия тұрақтандыру және даму қоры өкілдерінің арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында Қордың қаржылық гранттары, әлеуметтік жобалары мен техникалық қолдау жобалары сияқты ағымдағы жобалар таныстырылды, сондай-ақ Қордың Стратегиясына климаттық күн тәртібін енгізу мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар климаттық күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігін атап өтті және осы мәселелерді тиімді шешу үшін тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.