Қазақстандағы экологиялық статистиканың салалық шолуы

Қазақстандағы экологиялық статистиканың салалық шолуы

2024 жылғы 24-27 қыркүйек аралығында Астанада гибридтік форматта «Қазақстандағы экологиялық статистиканың салалық шолуы» тақырыбында семинар өтуде. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды.

Шара барысында экологиялық статистика: қалдықтар, су ресурстары, орман ресурстары және атмосфералық ауа туралы ақпаратты қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Мұхаметжанов А.С. қатысты.