Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының басшылығымен кездесу

Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының басшылығымен кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының (бұдан әрі – ОАӨЭО) басшылығымен - атқарушы директор Зафар Махмудовпен, елдік директор Ерлан Жұмабаевпен кездесті.

Министр климаттың өзгеруі саласындағы мәселелерді шешу үшін ОАӨЭО мен ведомство арасындағы белсенді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. 

ОАӨЭО аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, 2024 жылға арналған елдік іс-шаралар жоспарын ұсынды.

Өз кезегінде, ОАӨЭО СОР-29 дайындау кезінде өзінің қолдауын жариялады.