Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Корей орман қызметі, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің өкілдері Қазақстан достық бағына ағаш отырғызды.
Іс-шара аясында қарағай, спирея, қарақат және сирень отырғызылды. Бұл іс-шара екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың бастапқы бастамасы болып табылады.
Біздің мақсатымыз - екі елдің орман шаруашылығында тәжірибе алмасу және бірлескен нәтижелерге қол жеткізу.