Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директорымен кездесу

Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директорымен кездесу

Ағымдағы жылдың 2 мамырында жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) бас директоры Франческо Ла камерамен екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында қазақстандық тарап мемлекет Басшысының 2026 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында айтылған халықаралық ұйымдардың қолдауымен өңірлік Климаттық саммит өткізу жөніндегі бастамасы туралы хабардар етті. Климаттың өзгеруі, экономиканы декарбонизациялау жоспарлары, жел мен күн энергиясын пайдалану, геотермалдық әлеуетті іске асыру мәселелері талқыланды.

Ла Камера Қазақстанның электр энергиясын өндіру үшін де, жылуды тікелей пайдалану үшін де геотермалдық энергияны пайдалануды ұлғайту жөніндегі іс-қимылдар коалициясы болып табылатын Жаһандық геотермалдық альянсқа (GGA) қосылу мүмкіндігі туралы хабардар етті.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.