«Таза Қазақстан» республикалық акциясы

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен оның аймақтық бөлімшелері «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты.

Еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде Наурыз мерекесі аясында 23 наурызда «Таза эстафетасы» экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шара Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында, Жетісу облысында және Алматы қаласында өтті. Акцияға барлығы 90 мыңнан астам адам қатысты. Акция қорытындысы бойынша 18 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 600-ден астам жасыл желек отырғызылды.

20 сәуірде Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Жетісу облысында, Абай және Шымкент, Алматы қалаларында Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні өткізілді. Акцияға барлығы 25 мың адам қатысып, 100 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Ағымдағы жылдың 23-26 сәуір аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде (Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда) экология департаменттері жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ-тың қатысуымен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мәселесі бойынша баспасөз турларын өткізді.

27 сәуірде республиканың барлық өңірлерінде (Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарын қоспағанда) «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өткізілді. Акция аясында сенбіліктер мен жасыл желектер отырғызылды. Іс-шараға 230 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде 30 мыңнан астам экоактивистер мен еріктілер, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың 130 мың қызметкері, 70 мың мемлекеттік қызметші.

Акция қорытындысы бойынша республика бойынша 40 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 100 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Жетісу облысының әкімдіктері 6-27 сәуір аралығында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ» экологиялық акцияларын өткізді, олардың шеңберінде аула учаскелері, ескерткіштер, скверлер мен рекреациялық аймақтар жиналды. Акция аясында 81 мыңнан астам адам қатысып, 8,3 мың тоннадан астам қоқыс жиналды, 232 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.