Келісімге қол қойылды

Келісімге қол қойылды

2024 жылғы 24-25 сәуірде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында «Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» (PMI) және «Қазақстанның тұрақты ландшафттарын қалпына келтіру жобасы» (PROGREEN) жобаларын іске асыру бойынша келісімдерге қол қойылды.

PMI жобасы бенчмарктердің көрсеткіштерін жаңартуды және мониторингті, есептілікті және верификацияны жақсартуды, сондай-ақ елдегі көміртегі шығарындыларына баға белгілеуді енгізуді қоса алғанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар (СТВ) бойынша көміртекті реттеуді және сауда жүйесін күшейту бойынша Қазақстанды қолдауға бағытталған.

PROGREEN ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және қорықтарға жақын ауылшаруашылық жерлері бар деградацияланған аудандарға назар аудара отырып, құрлықтағы экожүйелерді нысанаға алады. Сондай ақ дендропарктердің қызметін дамытуға бағытталған.