Қоршаған ортаны, оның ішінде теңіз ортасында пластмассамен ластануға қарсы күрес туралы міндетті заңды күші бар халықаралық шартты дайындау жөніндегі келіссөздер процестері бойынша баспасөз релизі  

Қоршаған ортаны, оның ішінде теңіз ортасында пластмассамен ластануға қарсы күрес туралы міндетті заңды күші бар халықаралық шартты дайындау жөніндегі келіссөздер процестері бойынша баспасөз релизі  

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Үкіметаралық комитеттің кешенді тәсілге негізделген және пластик өнімдерінің бүкіл өмірлік циклін қамтитын ережелерді қоса отырып, пластик бойынша халықаралық міндетті құжат жобасын талқылау жөніндегі келіссөздер жүргізу жөніндегі 4-ші сессиясының жұмысы басталды.

Қазақстан Республикасы атынан Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Динара Әжіғалиева қатысуда.

Қазақстан әлемде пластик қалдықтарының пайда болуының ағымдағы көлемін ескере отырып, пластикті экологиялық негізделген басқару жөніндегі мәселені реттеу және олардың қоршаған ортаға, оның ішінде теңіз ортасына түсуіне жол беру қажеттігін мойындайды. Қазақстан ұлттық мүдделер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, жобаны талқылауға қатысуда. Құжаттың мәтінін ағымдағы жылдың соңына дейін келісу жоспарлануда.

Келіссөздер а. ж. 23-29 сәуір аралығында өтеді, құжаттармен ресми сайтта танысуға болады https://www.unep.org/inc-plastic-pollution/session-4.