Өрт қаупі бар маусым бойынша кеңес

Өрт қаупі бар маусым бойынша кеңес

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі барлық аумақтық бөлімшелермен және ЕҚТА-мен кеңес өткізді. Кеңес барысында өртке қарсы құралдар мен техниканың бар-жоғын тексеру қорытындылары айтылды.

Министр тарапынан 15 мамырға дейін мерзімде аталмыш жұмыстағы барлық кемшіліктер жойылуы керектігі бойынша тапсырма берілді.

Атап өтілгендей, республикада өрт қауіпті маусым басталды (20 наурыздан бастап оңтүстікте, қалған өңірлерде 8 сәуірден бастап).

Анықтама ретінде: «Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі» жобасы әзірленді. Өртті анықтау 30 км радиуста айналмалы көру мүмкіндігі бар бейнебақылау камераларының көмегімен жүзеге асырылады.

2023 жылы Министрліктің табиғат қорғау ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 13,4 млрд.теңге бөлінді.

303 бірлік арнайы көлік құралдары (25 өрт сөндіру автомашинасы, 51 шағын орман өрті кешені, 154 трактор және т.б.), 655 бірлік қосымша өртке қарсы жабдық (дискілі тырмалар, соқалар, тіркемелер және басқалар) сатып алынды.

Жергілікті атқарушы органдар өткен жылы жергілікті бюджеттен орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 6.6 млрд. теңге бөлді, соның есебінен 20 өрт сөндіру автомашинасы, 76 патрульдік және 147 трактор сатып алынды.

Ағымдағы жылға азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспары шеңберінде 16,7 млрд.теңге, оның ішінде экология министрлігі үшін 9,1 млрд. теңге және жергілікті атқарушы органдар үшін – 7,6 млрд. теңге жоспарланған.

Министрліктің 2024 жылға арналған бюджетін қалыптастыру кезінде материалдық-техникалық жарақтандыруға 5,4 млрд. теңге бөлінді, сонымен бірге "Семей орманы" резерватында орман өртін ерте анықтау жүйесін енгізуге (4,1 млрд.теңге) қаражат қолдау таппады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының 2024 жылғы 24 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес Министрліктің табиғат қорғау мекемелерінде орман өрт сөндіру станциялары үшін 108 өрт сөндіру машинасын, 79 шағын орман өрт кешенін, 37 тракторды лизингке алу мәселесі пысықталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қорды авиатасымалдауға 8248 ұшу сағатына 7,7 млрд сомасында қаражат көзделген.

Бүгінгі таңда Орман және табиғат қорғау мекемелерінде 99 бірлік пилотсыз ұшу аппараттары бар, олар 2023 жылы ормандардағы өрт қауіпті жағдайды анықтау және барлау мақсатында 575 ұшу жүргізді.

Табиғат қорғау мекемелерін дрондармен жарақтандыру жұмыстары жалғасуда.

Әлеуметтік мәселелерді шешу шеңберінде өткен жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік сақтау қызметінің қызметкерлеріне лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы белгіленді (12 876 штаттық қызметкер: мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторы, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторы).

Мәселен, мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы 129 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін өсті.

Қалған қызметкерлерге штатқа кіретін әкімшілік қызметшілерге (экономистер, бухгалтерлер және т.б.) және штаттан тыс қызметкерлерге (орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлері: тракторшылар, жүргізушілер, орман өрт сөндірушілері, мұнара бақылаушылары, радио операторлары) Министрлік пен кәсіподақ арасындағы Келісім шеңберінде 75% үстемеақы қарастырылған.