26-28 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің тапсырмасымен Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде БҰҰДБ- ның қатысуымен «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде экологиялық туризмді дамыту» семинар-тренингі өтті.
Осы іс-шара шеңберінде ұлттық табиғи парктер аумағында экотуристік қызметті жоспарлау, жүргізу саласындағы әлеует пен білім деңгейін арттыру, экотуризмді дамытудағы қолданыстағы халықаралық және ұлттық тәсілдер мен тәжірибелерді түсіндіру жұмыстары талқыланды.
МҰТП-де туристік және рекреациялық қызметті ұйымдастыру, басқару және жүргізудегі мәселелермен танысу, пікір алмасу, экотуризмді дамытудағы жалпы тәсілдерді әзірлеу.
Іле-Алатау және Шарын МҰТП-нің визит-орталықтары, турмаршруттары мен соқпақтары, глампингтері және т. б. заманауи туристік инфрақұрылымымен танысу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ семинар-тренингке орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің туризм мамандары қатысты.