Керқұлан қазақ жеріне оралады

Керқұлан қазақ жеріне оралады

Халықаралық «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясында биыл Еуропадан Қазақстанға керқұлан жылқысы әкелінеді. Сегіз жылқы тиелген Чехия мемлекетінің CASA C-295 ВВС екі ұшағы 2 маусым күні Прагадан (Чехия) және Берлиннен (Германия) ұшады да, екі мәрте аялдап, Орталық Қазақстандағы Арқалық жеріне қонады.

«Соңғы жабайы жылқыларды жабайы табиғатқа қайтару туралы енді-енді жаза бастадық», — дейді Прага зоопаркінің директоры Мирослав Бобек. «Біз Моңғолияда реинтродукция жүргізіп, ол жақтағы керқұландар популяциясын қалпына келтіре алдық. Енді Қазақстан үкіметі де бізге қолқа салып отыр. Біздің мақсат — келер 5 жылдың ішінде Алтын дала резерваты аумағына қырыққа жуық жылқы көшіріп апару».

Керқұлан 1960 жылдардың аяғында табиғаттан мүлде жойылып кеткен. Десе де, оның түрін сақтап қала алдық, бұл — нағыз тарихи жағдайдың бірі. Қолдан өсіруге арналған бағдарламалар арқасында Еуропадағы зоопаркілерде популяциясы тұрақтанды. Бұның арқасында керқұланды бұрын-соңды мекендеген өңірлеріне қайтаруға мүмкіндік туып отыр. Прага зоопаркінің Моңғолияда даласында жүргізген реинтродукция тәжірибелерінің арқасында жабайы жылқылар Қазақстанға қайтарылады.

Толығырақ: керқұлан (Equus przewalskii Poljakov) 2021 жылы сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктер тізіміне енгізілді. Бұдан бөлек Пржевальский жылқысы Халықаралық жойылып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна мен флора түрлерін саудаға салу туралы конвенцияның (СИТЕС) ІІ қосымшасына кіреді.

Керқұландарды босататын жер ретінде Қостанай облысындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының даласы таңдалды. Резерват 2012 жылы құрылды, жалпы ауданы — 489 766 га. Жылқылар босатылмас бұрын резерват аумағында орналасқан Жабайы тұяқты жануарлар реинтродукциясы орталығында бір жыл бойы ұсталады. Бұл орталық серіктестердің қаржылай қолдауының арқасында «Алтын дала» табиғат қорғау бастамасының аясында құрылды, басқарушы ұйым — Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК). Орталықта 2017 жылдан бері мамандар мен инфрақұрылым арқасында құланды бұрынғы мекеніне қайтару жұмыстары сәтті жүріп жатыр.

Пржевальский жылқысын бұрынғы мекеніне қайтару жобасы аясындағы партнёр ұйымдар — ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті, Прага зоопаркі, АСБК, Франкфурт зоология қоғамы, Нюрнберг зоопаркі, Tierpark Berlin, Hortobágy ұлттық паркі. 28 ақпанда партнёрлер Мәмілеге келу меморандумына қол қойды. Ол құжатта алдағы 4–5 жыл ішінде Қазақстанға Еуропадан кем дегенде 40 жабайы жылқыны бұрынғы мекеніне қайтару міндеттері жазылған.

Чех, ағылшын және орыс тілдерінде жазылған ресми пресс-кит, суреттер мен басқа да материалдарды www.zoopraha.cz/kazachstan-2024 сайтынан немесе осы QR-ды скандау арқылы жүктеуге болады:

Жобаның партнёрлері туралы қысқаша анықтама:

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті — Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бағынатын мемлекеттік орган. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі мен ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қорғау, пайдалану жөнінде қызметті іске асыратын, бақылайтын, қадағалайтын ұйым.

Прага зоопаркі — Пржевальский жылқысының асыл тұқымдарына ие әрі EEP (EAZA Ex situ) бағдарламасын іске асырып отырған ұйым. EAZA — Еуропадағы зоопаркілерде мекендейтін жабайы жануарлардың популяциясын басқару және сақтап қалу бойынша еуропалық зоопаркілер мен акуариумдер қауымдастығы бағдарламасы. Бағдарламаның бұрынғы атауы — Еуропалық жойылып бара жатқан түрлерді сақтау бағдарламасы. Прага зоопаркі 2012–2019 жылдары керқұландарды Моңғолиядағы бұрынғы мекеніне қайтару жобасын ұйымдастырып, іске асырған.

Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) —  биологиялық алуандық және экосауат ашу саласында жұмыс істейтін Қазақстандағы үкіметтік емес ұйым.

Франкфурт зоология қоғамы (FZS) — халықаралық әлемдегі 18 елде жойылып бара жатқан түрлер мен экожүйелерді қорғау жобаларын басқаратын ұйым. 2005 жылы «Алтын дала» табиғат қорғау бастамасының құрылтайшыларының бірі. 2017 жылдан бастап АДТБ жұмысының аясында Орталық Қазақстан даласына құландарды қайтару жобасын қолдап келеді.

АСБК мен FZS — «Алтын дала» табиғат қорғау бастамасына қатысушы ұйымдар. АДТБ — ұлттық және халықаралық табиғат қорғау ұйымдары бірлескен үлкен жоба. АСБК 2005 жылдан бері Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетімен, Франкфурт зоология қоғамымен (FZS), «Фауна ән Флора» халықаралық қайырымдылық қорымен (F&F), Королдік Ұлыбританиядағы құстарды қорғау қоғамымен (RSPB) бірге осы бастаманы іске асыруда атсалысып келеді. Оның мақсаты — Қазақстандағы бірегей дала экожүйелерін сақтап қалып, зерттеу және ақбөкен, құлан, керқұлан сияқты негізгі түрлерді қалпына келтіру. «Алтын дала» табиғат қорғау бастамасы 2023 жылы БҰҰ-ның он жылдығына орай экожүйелерді қалпына келтіру бойынша көшбасы деп танылды.

Берлин зоопаркінің жабайы жануарлар популяциясы мен реинтродукция бағдарламаларын басқарудағы тәжірибесі мол. Зоопарк жоба аясында өз атынан бірнеше жылқы береді. Арнаулы мамандар жылқыларды Қазақстанға тасымалдауға қатысады.

Нюрнберг зоопаркі — жойылып бара жатқан түрлерді мекендейтін өңірінде сақтап қалумен және мекендейтін өңірінен тыс жерде сақтап қалумен айналысатын қоғамдық коммерциялық емес зоология паркі. Бұрындары Пржевальский жылқысын Орталық Азияға қайтару жобаларына қатысқан.

Hortobágy — Мажарстандағы қоршаған ортаны қорғау саласында білім беретін ұлттық парк. Қазіргі таңда парк аумағында керқұландардың ең үлкен популиясы мекендейді. Осы паркіден іріктеп алынған жылқылар бұрынғы мекеніне қайтару жобалары үшін ең тиімді деп саналады.